Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №11,село Акмол, Целиноградский район" управления образования Акмолинской области

Құжаттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының “Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” КММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2024 жылғы қызметі туралы есебі

27.02.2025

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес № 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу», «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау».

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 214 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Мемлекеттік орган қағаз түрінде - 7 қызмет;

- Электрондық форматта электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы – 207 қызмет көрсетілді, оның ішінде негізделген бас тартулар-90 қызмет.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны бойынша: электрондық түрде 96,8%, қағаз түрінде 3,2% алынды.

 

Қызметтің атауы

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы

Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны

Оның ішінде:

Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде

«Электрондық үкімет» веб-порталы

Бас тарту

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу"

210

3

117

90

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау»

4

4

0

0

БАРЛЫҒЫ:

214

7

117

90

 

 

 

 

 

Ақмола облысы білім басқармасының “Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” КММ көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста sc0047.celinograd.aqmoedu.kz және instagram @ kppk11celin сайтында орналастырылған.  Сондай-ақ, ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың барлығы "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатқа ие.

 Бұқаралық ақпарат құралдары, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2024 жылы № 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтер орналастырылды, жоспарға сәйкес 1 мақала жарияланды және Instagram парақшасында тікелей эфир өткізілді.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

Просмотров: 192

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст