Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №11,село Акмол, Целиноградский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні орай ұймдатырылған шара

31.05.2018

30 мамыр күні «Халықаралық балаларды қорғау »күніне  орай № 11 психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің

ұйымдастыруымен, және «Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Бүгінгі бала елдің

ертеңі»

атты спорттық жарысы өткізілді. Спорттық жарысқа түзету кабинетінің ерекше

білімді қажет ететін балаларымен «Батыр» қоғамдық бірлестігінің жартылай

стационар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары, ата-аналар, сонымен

қатар мереке қонақтары ретінде «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Қапанов А.Ш., Целиноград ауданы спорт бөлімінің бас маманы Балауса Ерболатқызы және

Нұр-Отан партиясының бірінші төрағасы Тулькубаев Рахим Жакиевич қатысты. Әділқазылар

алқасын Нұр-Отан партиясының бірінші төрағасы Тулькубаев Рахим Жакиевич,

«Жақсару» қоғамдық қорының директоры Абзал Жумабекович және ата-аналар

қатарынан Тұрсынкүл Батыргалиевна (Алиханның әжесі) құрады. Жарыстың бірінші

кезеңі ата-аналармен ППТК мамандарының арасында өткізілсе, екінші кезең балалар

арасында қызықты тартыспен аяқталды. Олимпиада «Бәйге», «Қыстырғыш», «Допты

себетке сал», «Арқан тартыс» сияқты т.б эстафеталық ойындардан тұрды. Жарыстың

барлық кезеңдерінде балалар, ата-аналар үлкен белсенділікпен аса қызығушылықпен

қатысты. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткен топ басшыларына медаль беріліп және

мадақтама қағаздарымен марапатталды.  Сонымен қатар «Болашақ» мүгедектер қоғамдық

бірлестігінің төрағасы Қапанов А.Ш., демеушілігімен балаларға сыйлықтар

таратылды. Олимпиадалық ойыннан кейін «yummy cake» ЖШС балаларға арнап

мерекелік дастархан жасап, сыйлықтар таратты. 

 

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст