Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №11,село Акмол, Целиноградский район" управления образования Акмолинской области

Құжаттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін көрсету қағидалары

01.07.2025

Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығымен  бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы негізінде, ерекше білім беруге қажеттілігі бар  (көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар) балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, №15 үй мекен-жайы бойынша немесе "Электрондық үкімет" www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүгінеді.

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы проактивті тәсілмен көрсетілуі және оның ішінде:1) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға Автоматты хабарламалар жіберуді; 2) көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті мәліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алуға құқылы.  Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Резидент болып табылмайтындарға:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) баланың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) баланың жеке басын куәландыратын құжатының электронды көшірмесі;
3) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатының электронды көшірмесі;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.


Жұмыс кестесі:

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Порталдың/www.edu.gov.kz-те тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы 

8 (716) 51 30-341 телефон арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020744#z45 

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст