Текст
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде, Целиноград ауданы "Болашақ" мүгедекетер қоғамдық бірлестігінің "Кедергісіз мүмкіндіктер" жобасы аясында емдік дене шынықтыру нұскаушысын оқыту басталды, сонымен қатар бұл жоба аясында тірек қимыл аппараты зақымдалған балалардың ата-аналары мен емдік дене шынықтыру бойынша жеке сабақтары өткізіледі. Жобаның негізгі мақсаты тірек қимыл аппараты зақымдалған балаларды оңалтуға жағдай жасау. Жобаның бірінші бөлімінде мүгедектер қоғамдық бірлестігі емдік дене шынықтыру кабинетіне қажетті құрылғылар сыйға тартты, ендігі кезекте түзету кабинеті осы құрылғылар арқылы балаларды оңалту процессін неғұрлым сапалы жүргізуге бар күшін салмақ.