Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №11,село Акмол, Целиноградский район" управления образования Акмолинской области

Құжаттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру

18.12.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград ауданы, Ақмол ауылы  №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмол ауылында 0,5 ставкаға (жұмыс уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі күндері: сағат 14.30-18.30; жұма күні сағат 09.00-11.00) педагог-психолог бос лауазымына конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

            "Педагогика және психология" бейіні бойынша "Психология" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

            Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Жұмыс өтілі жоқ педагогтері үшін "педагог" біліктілік санаты, педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері:

            арнайы білім беру ұйымының оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымының педагог-психологы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

            мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

            даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) сабақтар өткізеді;

            мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

            білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

            басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

            басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

            тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

            жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының педагог-психологы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

            психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің педагог-психологы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

            жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) өткізеді;

            өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

            әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

            ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

            еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

            тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57  бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

            7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

            8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

            9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

           10) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

            11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Лауазымдық жалақысы: педагогикалық өтіліне, біліктілік санатына байланысты 60-80 мың теңге көлемінде.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.12 -  29.12.2025 жыл

Құжаттарды қарау мерзімі: 30.12 - 08.01.2026 жыл

Конкурсты өткізу күні: 08.01.2026 жыл

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі №15/2; Жұмыс телефоны: 8 (71651) 30-341, электрондық пошта мекенжайы: akmolkppk11@mail.kz

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Просмотров: 633

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст