31.07.2026
Біліктілікке қойылатын талаптар: "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Жұмыс өтілі жоқ педагогтерге арналған "педагог" біліктілік санаты, педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
Әлеуметттік педагогтың лауазымдық міндеттері
Тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерттейді, мүдделер мен қажеттіліктерді, проблемаларды, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен мекеме, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер, ата-аналар және басқа да заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Компьютерлік сауаттылыққа, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікке ие.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
11) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Лауазымдық жалақы педагогикалық еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты белгіленеді: 1 мөлшерлеме үшін 160–180 мың теңге.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.07 - 07.08.2026 жыл
Құжаттарды қарау мерзімі: 10.08 - 14.08.2026 жыл
Конкурсты өткізу күні: 14.08.2026 жыл
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі 1 А; Жұмыс телефоны: 8 (71651) 30-341, электрондық пошта мекенжайы: akmolkppk11@mail.kz
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.