Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №11,село Акмол, Целиноградский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

25.08.2021

Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде, ерекше білім беруге қажеттілігі бар  (көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар) балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):

  • Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, №15 үй мекен-жайы бойынша орналасқан. №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.  
  •  «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «Отбасы» бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.

 

Аталған қызметтi алу үшiн мына құжаттардың тiзбесiн өткізу қажет:

   

Көрсетілетін қызметті алушы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
 

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
 

Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала  8 (716)51  30-341 телефоны арқылы және (немесе) тікелей жүгінген кезде жазылу көзделген.

Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст