02.05.2019
30сәуір күні «1 мамыр–Қазақстан Халықтарының Бірлігі»күніне орай № 11 психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» атты спорттық жарысы өткізілді. Спорттық жарысқа түзету кабинетінің ерекше білімді қажет ететін балаларымен «Батыр» қоғамдық бірлестігінің жартылай стационар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары, ата-аналар қатысты. Әділқазылар алқасын мәдениет үйінің әдіскері Олжас Боранбайұлы, ППТК №11 меңгерушісі Ақбота Абдиразақовна құрады. Жарыстың бірінші кезеңі ата-аналармен ППТК мамандарының арасында өткізілсе, екінші кезең балалар арасында қызықты тартыспен аяқталды.
Олимпиада «Қаппен секіру», «Қыстырғыш», «Допты себетке сал», «Арқан тартыс» «Кім епті» сияқты т.б эстафеталық ойындардан тұрды. Жарыстың барлық кезеңдерінде балалар, ата-аналар үлкен белсенділікпен аса қызығушылықпен қатысты. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткен топ басшыларына медаль беріліп және мадақтама қағаздарымен марапатталды.