Ақмола облысы білім басқармасының "№11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Целиноград ауданы Ақмол ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмол ауылында емдік дене шынықтыру нұсқаушысы бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі 15; Жұмыс телефоны 8 (71651) 30-341, электрондық пошта мекенжайы: akmolkppk@mail.ru
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім, 2 жылдан бастап жұмыс өтіліне талаптар қою; "педагог" біліктілік санатымен жұмыс өтілі жоқ педагогтер.
ЕДШ нұсқаушысының лауазымдық міндеттері:
1.Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы дене тәрбиесінің әдістемелеріне және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес түзету қолдауы бойынша жұмыс жүргізеді;
2.Балалардың Жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттер мен мазмұнды анықтайды;
3.Дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын меңгеруге үйретеді, олардың адамгершілік-еріктік қасиеттерін қалыптастырады;
4.Емдік дене шынықтыру сабақтарын және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
5.Дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсетеді;
6. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;
7.Әдіскермен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және олардың физикалық белсенділігін реттейді;
8.Білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауап береді;
9.Салауатты өмір салтын насихаттайды;
10.Педагогтармен, ата-аналары мен балалармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
11.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізеді;
12.Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
13. Инклюзивті және арнайы білім беру қағидаттарын енгізу және дамыту мақсатында жұртшылықпен, білім беру ұйымдарының педагогтерімен өзара іс-қимыл жасайды.
14.Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау қағидалары" бұйрығының негізінде өткізіледі.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Лауазымдық жалақысы: 72 мың теңгеден бастап
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.01.2023 жыл - 14.01.2023 жыл
Құжаттарды қарау мерзімі: 16.01.2023 жыл - 21.01.2023 жыл
Конкурсты өткізу күні: 23.01.2023 жыл
Өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі 15.