№ 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 251 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Қызметтің атауы |
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы |
||
Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны |
Оның ішінде: |
||
Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде |
«Электрондық үкімет» веб-порталы |
||
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" |
251 |
23 |
228 |
БАРЛЫҒЫ: |
251 |
23 |
228 |
2022 жылы көрсетелген мемлекеттік қызметтер саны 2021 жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 25% өсті, мемлекеттік орган арқылы тікелей көрсетілген қызметтер саны 2,4 % өсті, электронды түрде түскен өтініштер саны 93,2% болса, 2022 жылы 90,9% құрады. 2022 жылы дәлелді себептерге байланысты 72 өтініштен бас тартылды.
№ 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтер БАҚ-на кестеге сәйкес жарияланды.
№11 ППТК-ның Instagram парақшасында ата-аналарға арналған «Біздің мекемеде мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?» демонстрациялық бейне орналастырылған.
Барлық нормативтерге сәйкес келетін «Электрондық үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ақпарат пен қажетті үлгілері бар стенд орнатылған.
Екі қызметкер 24 академиялық сағат көлемінде «Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекеттесу» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинарын аяқтады, Астана қ., 2-4 тамыз 2022 жыл.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылық орын алған жоқ. Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.