АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ, АҚМОЛ АУЫЛЫ №11 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ» КММ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БОЙЫНША 2019 ЖЫЛДЫҢ ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысы негізінде Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) мемлекеттік қызметтердің 3 түрі көрсетіледі: 1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»; 2. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»; 3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау».
Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2019 жылы 102 жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде тікелей ППТК арқылы 100 қызмет қағаз түрінде, 2 қызмет Мемлекеттік госкорпорация арқылы.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылған фактілер, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар тіркелмеген.
№11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) 8 маман (логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, ЕДШ) жұмыс атқарады. 2019 жылы 2 педагог қызметкер біліктілік санаттарын беру үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарын Мемлекеттік госкорпорация арқылы өткізіп, модератор біліктілік санатын алды.
№11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде есту, көру, сөйлеу тілі қабілеттері, тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалды-ерік саласы бұзылған, психикалық дамуы тежелген, мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегі көрсетіледі.
Жоғарыда аталған қызметтi алу үшiн Степногорск қаласы, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесін (ПМПК) алу қажет. Келесі, қажеттi құжаттардың тiзбесiн Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, №15 үй мекен-жайы бойынша өткізеді:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) еркiн нысандағы өтiнiшi;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушының ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) баланың туу туралы куәлiгi (тексеру үшiн түпнұсқа);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы.
Туындаған сұрақтар бойынша ППТК-ға 8-71651-30-341телефон нөмеріне хабарласуға болады.