Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығымен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020744 «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде, ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар) балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, №15 үй мекен-жайы бойынша қабылдайды. №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Аталған қызметтi алу үшiн №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне жүгінгенде, мына құжаттардың тiзбесiн өткізу қажет:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
8 (716) 51 30-341 телефон арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.
2)«Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде мынадай құжаттардың тізбесін ұсыну қажет:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
3) көрсетілетін қызметті алушы тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүгінген кезде www.egov.kz:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші (тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жүгінеді www.egov.kz );
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының нөмірі.