Ақмол ауылы, №11 Психологиялық педагогикалық түзеу
кабинеті
«Қош келдің Жаңа Жыл» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Ақмол ауылы, №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 2017 жылдың 25 желтоқсан күні
сағат 11:00 де «Қош келдің Жаңа Жыл» атты шығармашылық ертеңгілік өткізілді.
Шығармашылық концертке қонақ ретінде Целиноград ауданы білім бөлімінің әдіскері Жүнісова Д.Е., демеуші
ретінде «Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қапанов А.Ш, және ата-аналар қатысты. Жаңа жылдық ертеңгілікке №11 ППТК-нде тіркеліп тұрған 30 бала қатысты. Мерекеде балалар ән салып би билеп өз өнерлерін көрсетіп, «Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қапанов А.Ш мен «Дара»
қайырымдылық қоры ұсынған сыйлықтарға ие болды. Ертеңгілік соңында «Болашақ»
мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қапанов А.Ш сөз сөйлеп балаларды
жаңа жылмен құттықтап, түзеу кабинетіне «Музыкалық күй табақ» сыйлады. Сөз
соңын №11 ППТК меңгерушісі Сапарова А. А қонақтарға келгендеріне рахмет айтып,
жаңа жылдық тілек айтты. Мерекелік концерт соңында қонақтар, ата-аналар
балаларымен бірге шырша жанында аяз-ата, ертегі кейіпкерлерімен бірге естелік
суретке түсті.