24.04.2020
ППТК-нің қашықтықтан оқыту түріндегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) бірлесіп жұмыс жасау алгоритмі.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ата-аналары (заңды өкілдерінің) қашықтықтан өтініш білдірген жағдайда, ППТК қазіргі уақытта баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігінің бар немесе жоқ екендігі туралы хабардар етеді.
- Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі жоқ (курсқа қабылдауға орын болмаған жағдайда) болған жағдайда, кезекте тұрған балалар тізіміне енгізеді.
- Орын босаған жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдеріне) Орын босаған кезде баланың ата-анасына (заңды өкілдерін) баланы белгілі бір кезеңге оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсын өткізу мүмкіндігінің пайда болуы туралы электрондық түрде хабардар етеді.
- Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болған жағдайда қазіргі уақытта курсты қашықтықтан өтуді ұсынады.
- Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсын қашықтықтан өтуге келіспеген жағдайда, осы фактіні тіркеу журналына тіркейді және баланың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін курстан өту үшін штаттық режимде өтініш жасауды ұсынады.
- Ата-аналар (заңды өкілдер) баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсын қашықтықтан өтуге келіскен жағдайда, өтініш берген адамның байланыс деректерін (Т. а. ә., үйінің мекен-жайы, телефон нөмірі, электрондық поштасының мекен-жайы) сұратылады.
- Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) ППТК байланыс деректерін (басшының Т. а. ә., телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сайт атауы) электрондық түрде жібереді.
- Ата-аналар (заңды өкілдер) көрсеткен электрондық мекен-жайға қажетті құжаттар тізбесін электрондық түрде жібереді: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы, ПМПК жолдамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ата-анасының (заңды өкілінің) өтініш үлгісі, мемлекеттік қызмет көрсету туралы келісім шарт және қашықтықтан сабақ өткізуге келісім үлгісі.
- Ата-аналардан (заңды өкілдерден) электрондық түрде, 8-тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын алады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарымен алынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді.
- Құжаттарды толық емес көлемде немесе мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сәйкессіздік фактісі туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) электрондық түрде хабардар етеді, анықталған сәйкессіздікті жоюды және құжаттарды толықтырып қайта жіберуді сұрайды.
- Құжаттарды толық көлемде, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес алған жағдайда ата-аналарды (заңды өкілдерді) олар ұсынған құжаттардың қабылданғаны туралы хабардар етеді және баланың деректерін тіркеу журналына енгізеді.
- ППТК басшысы белгілі бір кезеңге оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту үшін баланы қабылдау туралы бұйрық шығарады.
- Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) баланы курстан өту үшін қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде жібереді.
- Ата-анасының (заңды өкілдерінің) курстан өту үшін баланы қабылдау туралы бұйрықпен танысқаны туралы ақпаратты электрондық түрде алады.
- Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстың әдістері мен тәсілдерін таңдау үшін баланың психофизикалық жағдайына кешенді тексеру жүргізу күні мен уақытын анықтайды.
- Электрондық түрде баланы тексеруге дайындау туралы ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жаднаманы, тексеру жүргізілетін онлайн платформаны көрсете отырып кешенді тексерудің күні мен уақытын хабарлайды.
- Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес ("Мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы балаларға арналған жеке-дамыту бағдарламасын жобалау" оқу-әдістемелік құралы /Б. С. Халыкова, к. пед., А.К. Кенжеева., Алматы, 2014 ж.). ППТК мамандарымен баланың психофизикалық жағдайын кешенді тексеруді қашықтықтан жүргізеді
- Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес баланың жеке-дамыту бағдарламасын әзірлейді (18-тармақты қараңыз).
- Баланың жеке-дамыту бағдарламасын іске асыруға жауапты педагогтарды тағайындайды.
- Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша сабақ кестесін құрады және бекітеді.
- Электронды түрде ата-аналарға (заңды өкілдерге) сабақ кестесін жібереді.
Ата-аналар (заңды өкілдері)
1. ПМПК-дан электрондық түрде қорытынды және жолдама алады.
2. ПМПК мамандарынан ППТК – нің байланыс деректері туралы мәліметтер алады (басшының аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сайт атауы).
3. ППТК әкімшілігімен қашықтықтан байланыс жасайды.
4. ППТК –не өзінің байланыс деректерін көрсете отырып (Т. а. ә., үй мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) ақпаратты ұсынады.
5. ППТК –нен қазіргі уақытта баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігінің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты алады. 6. Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, қазіргі уақытта ППТК-де кезекте тұрған балалар тізіміне баланы енгізу туралы хабарлама алады.
7. Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болған жағдайда қазіргі уақытта курстан қашықтықтан өту мүмкіндігі туралы ұсыныс алады.
8. Курсты қашықтықтан өтумен келіспеген жағдайда ППТК-дан төтенше жағдай режимінің әрекеті аяқталғаннан кейін, курстан штаттық режимде өту мүмкіндігі бар екендігі туралы хабарлама алады.
9. Курстан қашықтықтан өту келісімі болған жағдайда, ППТК-нен көрсеткен электрондық мекен-жайға баланы қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесін алады: ПМПК-ның қорытындысы, ПМПК-ның жолдамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ата-анасының (заңды өкілінің) өтініш үлгісі, мемлекеттік қызмет көрсету туралы келісім шарт және қашықтықтан оқыту түрінде сабақ өткізуге келісім үлгісі.
10. Көрсетілген тізбеге сәйкес ППТК -не құжаттарды жіберу үшін электрондық түрде дайындайды.
11. Тізбеге сәйкес құжаттарды ППТК -нің электрондық поштасына жібереді.
12. Құжаттар толық болмаған немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ППТК-нен сәйкессіздіктерді жою және құжаттар топтамасын қайта жіберу туралы өтінішпен ақпаратты электрондық түрде алады.
13. ППТК-не ұсынған құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, ППТК-нен құжаттардың сәйкестігі туралы хабарлама және баланы қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін алады.
14. Баланы қабылдау туралы бұйрықпен танысады және бұйрықпен танысқаны туралы растауды ППТК-не электронды түрде жібереді.
15. ППТК-нен баланың психофизикалық жағдайына кешенді тексеру жүргізілетін онлайн платформа, кешенді тексеру жүргізу туралы жаднаманы және тексеру күні, уақыты туралы электрондық түрде хабарлама алады.
16. Қашықтықтан байланысу арқылы қатысып, өз баласының психофизикалық жағдайын кешенді тексеруде ППТК мамандарына жәрдем көрсетеді
17. ППТК-нің бекітілген педагогтардың Т. а. ә. көрсетілген сабақ кестесін электрондық түрде алады.
Ескерту: ППТК оқушыларының жеке мәліметтерінің құпиялылығын және сақталу қауіпсіздігін арттыру үшін жеке электрондық пошта адресін ашып, ППТК басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты қызметкерлер шектеулі шеңберінде ғана қолдануын ұсынамыз.
Құрастырушылар: Ақмола облысы бойынша
инклюзивті білім беруді дамыту
Үйлестіру кеңесінің төрағасы
саяси ғыл.канд. Ибраев М.Ө.,
Лобурь С.Л.
дефектолог, жоғары дәрежелі логопед маманы
15. 04. 2020 г