Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде, ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарына тіркелген үйде оқитын балаларға түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда, ППТК ондағы білім алушыларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.
№11 ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі Степногорск қаласында орналасқан) бойынша жүзеге асырылады.
Балаларды №11 ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Телефон арқылы алдын-ала жазылу көзделген: 8 (716) 51-30-341
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):
Аталған қызметтi алу үшiн мына құжаттардың тiзбесiн өткізу қажет:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) еркiн нысандағы өтiнiшi;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушының ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) баланың туу туралы куәлiгi (тексеру үшiн түпнұсқа);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы.