Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №11,село Акмол, Целиноградский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жыл бойында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылдық есеп

28.02.2018

Ақмола облысы білім беру

басқармасының «Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, № 11 Психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті» КММ  Целиноград  ауданы бойынша 

арнайы білім беру саласындағы ерекше білім кажеттілігі бар балалардың

заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, Қазақстан

Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2017 жылғы қорытынды бойынша

түзету кабинеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №

983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 3 мемлекеттік

қызмет көрсетті.

Олар:

1.    

Дамуында проблемалары

бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу.

2.    

Ерекше білімді қажет

ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету.

3.    

Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға

біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге

құжаттарды қабылдау.

 

2017 жыл ішінде «Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, № 11

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» 82 .

1.    

«Дамуында

проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»

мемлекеттік стандарты  бойынша  қызмет саны 52 .

2.    

«Мүмкіндіктері

шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»  қызмет саны 28 .

3.    

«Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға

біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге

құжаттарды қабылдау» мемлекеттік стандарты бойынша  қызмет саны 2.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер

бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны 2

Әр квартал сайын тұрғындарды ақпараттандыру

бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет

берушілердің БАҚ (газет,журнал)  интернет-ресурстарының құралдары арқылы

жұмыстар жүргізіледі. «Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, № 11 Психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті» КММ сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда

мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет

алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Түзету кабинетінде

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша мемлекеттік қызметтердің стандарттары және

регламенттері жазылған ақпараттық стенд орналастырылған.

Азаматтарға мемлекеттік қызметтер

анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында «Целиноград ауданы, Ақмол

ауылы, № 11 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 8-716-51-30-341  нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын

жасауда.

Мемлекеттік қызмет көрсету

сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралар, (семинар, ата-аналар

жиналысы, конференция) жоспарға сәйкес 

өткізіліп отырды. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

аудандық газетте 2 мақала жарияланды.

2017 жылы  №11 психологиялық-педагогикалық түзету

кабинеті  мемлекеттік қызмет көрсету

бойынша әр цикл сайын мемлекеттік қызмет алушыларға жиналыс өткізілді. 

Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша бақылау іс шаралары

ұйымдастырылып отырады.

«Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,

№ 11 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік қызмет

көрсету  тәртібіне, сапасына, сондай-ақ,

мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуына ешқандай шағымдар түскен

жоқ, яғни бұзушылық болған жоқ.

 

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст