№11 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 9 мамыр Жеңіс күні
қарсаңында, ерекше білімді қажет ететін балалар мен түзету кабинетінің мамандары
балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны
қорғауға баулу, Отанға
деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін,
жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу мақсатында тәрбиелік
сағаттар өткізді. Балалар мерекеге қарсы ермексазбен «9-мамыр Жеңіс күні»
тақырыбында әр түрлі өз жұмыстарын жасап, көрмеге қойды. Ерекше білімді қажет
ететін балалар тәрбие сағаттарына ерекше белсенділікпен қатысып, жоғары қызығушылықпен
қатысты. Кабинет мамандары балаларға Ұлы
Отан соғысы жайлы мағлұмат беріп, танымдық қабілеттерін дамытып, тақырып
бойынша білімдерін бекітті.